"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған делегациямен кездесті

"Ақтау теңіз порты"АЭА" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған делегациямен кездесті. Кездесуге Финляндия Сыртқы істер министрлігінің жанындағы сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесші Оскари Лаукканен, Финляндия-Ресей сауда палатасының даму жөніндегі директоры Тарья Тейтинен, «Business Finland» сауда комиссары Жания Әділбек, "LAMOR CENTRAL ASIA", "Klinkmann", "Rödl & PartnerCentral Asia", "Nokia Solutions and Networks Kazakhstan", "Tikkurila"," Valmet Tecnologies Inc " және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында делегация мүшелері өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту аясында, оның ішінде инновациялық шешімдерді қолдану арқылы бизнес-жобаларды дамыту жоспарларын айтты. АЭА басқарушы компаниясының қызметімен және инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысқаннан кейін делегация мүшелері АЭА қатысушыларының объектілеріне барды. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 146